Өлеңдер ✍️

  17.05.2021
  231


Автор: Роза Сейілхан

ҚОҢЫР

Жүректі тербеп қоңыр ән,
Қоңырқай мұңмен жолығам.
Қоңыр күз, қоңыр жапырақ,
Түсімді саған жорығам.
Меселі қайтып мелшиген,
Бар болсаң бақыт, келші үйге.
Қоңырқай көзі мөлдірер,
Сол жігіт қайда мен сүйген.
Соны айтшы, маған қоңыр күз,
Тақпаспын кінә орынсыз.
Изейді басын күзгі бақ,
Соқпаса самал, ол үнсіз.
Өзіңнен хабар жоқ бүгін,
Жаныма батты жоқтығың. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу