16.05.2021
  789


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Түлкі мен қырғауыл

 Қалың ағашты аралап, бір түлкі келе жатып, ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:

   – Саламатсыз ба, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? – деді.

   – Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? – деді қырғауыл.  

   – Жерге түсіп сөйлессең екен шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, – дейді түлкі. 

   – Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюға мүмкін  – деді, қырғауыл. 

   – Ей,достым, биылғы заман бұрынғы емес! Жаңада қалаға барып едім, бұйрық шығыпты,біреуге біреу зорлық қылмасқа! Қой мен қасқыр бірге жүрсін деген түлкі мен тауық бірге жүрсін деген көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын деген. Қорықпа, түс,  – деді түлкі. 

   – Жақсы хабарыңыз бар, жақсы айтасыз, алласы разы болсын, дос! Мына жақта біриттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да естісін – деді қырғауыл. 

   Ит деген сезді естігесін түлкі алды-артына қарамастан қаша берді. 

   – Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? – деді қырғауыл.   

   – Кім біледі, бұйрықты естімеген иттер шығар, – деген түлкінің даусы естілді.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу