Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  166


Автор: Әбділда Тәжібаев

Келеміз

Европа оң жақта,
Азия сол жақта,
Ортада біздің кемеміз.
Аспанда күн жүзіп,
Теңізде біз жүзіп
Шығыстан бірге келеміз.

1957
* * *
Қашанғы ерсін, қажыды, шаршады күн,
Еңкейді әне алуға түнде тыным.
Ашты қызыл көрпесін жамылатын,
Жеті мезгіл қақпасы жабылатын.
Ертең кайта тұрады оттай жайнап,
Көк бетінен тастайды бұлттарды айдап.
Бүгінгідей тағы да бір тартармыз.
Балықшыны су өткен құрғатамыз.

1957




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу