Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2021
243
Еліктеу
Құмарлық үшін бір күндік
Жүгірдік келіп жүгірдік.
Құмарлық оты ұшты тез,
Жел көңілден түңілдік.
Байлыққа бола бір күндік,
Жындыша тынбай жүгірдік.
Байлық та кетті баянсыз,
Орнына ғана үңілдік.
Атаққа бола бір күндік
Аямай жанды жүгірдік.
Атақ, та қысқа жалт етті,
Отырмыз енді күмілжіп.
1955
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter