Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  198


Автор: Әбділда Тәжібаев

Поезда

Тамаша, жүрдек поезд күші қандай
Мені де болашаққа ұшырғандай.
Қалдырып қарлы тау мен туннельдерді
Әндеткен дөңгелектер зыр жүгірді.
Орнына кешегі бір бос даланың
Жарқырап жарық оты жас қаланың,
Аспанға түтін атқан трубалары
Жарысып бізбен бірге келеді әлі.
Шұбырған шойын діңгек талай жерден
Арқалап мыс сымдарын тоқ жүгірген
Келеді егіншінің егісімен,
Келеді малдың жазық өрісімен.
Қасымда қатар тұрған достарым бар
Қадала терезеден қарайды олар.
Ештеңе ұқпасам да сөздерінен,
Шаттықтың шоғын көрдім көздерінен.

1950




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу