Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  196


Автор: Әбділда Тәжібаев

Сырласу

Келеміз - Мәлікпенен екеуміз тек,
Шаршатпай қолтығымнан алды демеп.
Келеміз от бұршақтың ортасымен
Кеңеске түтеген оқ болмай бөгет,
Тоқтатты Мәлік сонда айтты бір сыр:
− Ойлама қорықпайды деп өлімнен құр.
Тәтті өмір, жар - достарды сүйгені үшін –
Ажалмен інің саспай шайқасып жүр.
Қорқамын ажалдан да бір нәрседен:
Қорлық қой жерсіз, күнсіз өмір сүрген.
Тірлігің туған елдің тірлігінде,
Өлгенің ту жығылса сүйген жерден.
− Ойлама қорықпайды деп өлімнен құр –
Ардақты мен үшін де қымбат өмір.
Шаттықты, жар - достарын сүйгені үшін
Ажалмен інің саспай шайқасып жүр.
− Дұрыс - ақ! - Мәлік сөзін мақұлдадым
Қорғайды арадағы жақындарын.
Адамбыз, ара емеспіз, ұрпағымыз
Байтақ жұрт, жолбарыстай батырлардың.

1942




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу