Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.05.2021
204
Блокноттан
Жазды күн, жазық далада,
Тігулі шатыр көруші ем:
Шатырдағы Қаныштың
Кім екенін білуші ем.
Қайтып бір күн құс атып,
Сол шатырға қондым кеп.
Салқын түнде жаттық біз,
Қаздың етін бөліп жеп.
Сыр қып терең ол маған,
Айтты жайын Сергоның:
Арнап барып көргенін,
Сергоға серт бергенін.
Ақ шатырда екеуміз,
Сөйледі дос жер жайын,
Есептеді алтын, мыс,
Қорғасынын, мұнайын...
Бір разведчик, бір ақын
Әңгімеге кенелдік.
От та сөнді шылымнан,
Біз де ұйқыға жөнелдік...
Ертеңіне көшті дос,
Станокпен, қолымен,
Автокарлар жөнелді
Үйреніскен жолымен.
Содан бері көп көрем
Шатырларды даладан.
Көшсе шатыр орнынан,
Көрем завод жаңадан.
1935
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter