Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.05.2021
189
Сорлайды екенбіз
− Ассалаумағалайкүм, молда
Не ғып шықтың жолға?
Қайда барып, қайдан келесің,
Нелер көрдің онда?
− Әлейкүмәссалам, бай!
Неге жүрейін жай.
Сайлауға қарсы аттанып ем,
Айтқаннан соң Қанай...
− Е, болатын ба, қалай?
Еретін бе малай?
Ауылнай қоймақ еді ғой,
Бір тамырын Қанай..,
− Түк те болатын емес,
Түбі оңатын емес,
Кедейлер жымдасыпты,
Ашылыпты кеңес.
− Ой, кеңесі несі тағы?
Шығар - ау, қай-қайдағы,
Онда не бітірмек екен
Құл-құтандар кәні?
− Кеңесі топ болады екен
Кедейлер кеп болады екен.
Бай менен молдалардан
Біреу де жоқ болады екен.
Біздерді қаралайды екен,
Жүректі жаралайды екен.
Ертедегі еркімізді жойып,
Қаралап, алалайды екен.
− Сайлауда болмайды екенбіз,
Тірі боп оңбайды екенбіз.
Көрінген көзімізге шұқып,
Байеке, сорлайды екенбіз.
1929
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter