07.05.2021
  4209


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Үш аю

Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және мықтысы ақ төс аю болыпты. Қазандай тасты допша домалатып ойнайды екен. Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға маза бермепті.Бір күні түлкі мен қасқырды ұстап алып әлім жеттік көрсетіпті. Сонда қасындағы екі аю:


- Қойсаңшы, әлсіздерге күш көрсеткенің жақсы әдет емес, - дейді.  Сонда ақ төс аю:


- Олар мені сыйлап жүремін десе ғана босатамын, – деп кекетіп қыса түседі.Жандары қиналған түлкі мен қасқыр; - Ағатай жіберіңізші, сыйлап жүретін боламыз, – деп өтінеді.Аю оларды жіберіп, өзінің бұл әрекетіне әбден риза болған күйі тоғайды жалғыз аралауға кетеді. Кешке таяю алдынан бір топ қасқыр шығып таламақшы болады. Зәресі ұшқан аю әрең қашып құтылады. Алдынан түлкі шығып жағдай сұрап, жаны ашығандай болып, былай жүріңіз деп жол көрсетеді. Оған сенген аю түлкінің соңынан ерем деп балшыққа күмп етіп құлап түседі.Сонда түлкі: — Сен ана жолы маған жазықсыз жәбір көрсетіп едің, сол үшін сазайыңды тартқыздым, — деп кетіп қаладыӨз ісіне ұялған ақ төс аю басын төмен салбыратып үңгірге келіп достарынан кешірім сұрайды. Сөйтіп ақ төс аю, күшті бола әлсіздерге әлім жеттік жасау дұрыс емес екенін түсінген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу