Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  406


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Ару көктем

Ысырып дүлей дауыл, өктем желді,
Көк майса, гүлге орап бөктерлерді,
Шаттықтың шомылдырып шуағына,
Күлімдеп ауылыма көктем келді.
Сылдырап жылғалардан сулар ақты,
Балалар мәз болысып шулап жатты.
Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін
Ағайын-туыс тойлап, думандатты.
Сипалап самал желі сүйген беттен,
Мезгіл бұл қандай ғажап, сұлу неткен?
Жаңара бер, табиғат тамашасы,
Анасы бар мезгілдің – ару көктем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу