file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  03.05.2021
  520


Автор: Мұхтар Шаханов

Отырар қамалы

("Шыңғысханның пенделік құпиясы " атты драмадан)
Әні автордікі

Отырарым, бабам сенсің бас иетін,
Анам сенсің терең бүккен қасиетін.
Сенің даңқың - менің мәңгі мақтанышым,
Сенің қайғың - менің керең қасіретім.
Қайырмасы:
Ұлы Отырар қамалы,
Қайсар рухың бағалы.
Шыңғысханның соны ойлап
Түнереді қабағы.
Ұлы Отырар қамалы,
Ғұмыр кештің саналы.
Сенің тұлғаң ерліктің
Үлгісі боп қалады.
Отырарым, ана - бейнең жарқын екен,
Қайырхандай перзент тудың нарқы бөтен.
Құл боп өмір өткізгенше бұл тірлікте
Еңкейместен ер боп өлген артық екен.
Нар қалпында ар-намысы төгілмеген,
Алты ай бойы арпалыстың өлімменен.
Азияда саған ұқсас бар ма қала
Шыңғысханнан жеңілсе де жеңілмеген?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу