file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  515


Автор: Жүсіпбек Аймауытов

Жаз келді

Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп,
Сай-саладан сулар ағып, күрілдеп,
Ой мен қырда басқызбайды сар балшық.
Әлем-тапырық жердің беті іріңдеп.
Аспан жүзі ұшпалы бұлт сәуірдің
Жылы желі бетті сүйген тәуір күн.
Қыс қысылған көтерем мал жалғыздап,
Тұс-тұсынан шығып жатыр ауылдың.
Аунап-қунап ауасына сағынған,
Ызғар, суық ақ кебіннен арылған,
Ойдым-ойдым қара жерге көз ойнап,
Бәрі бірдей басын қойып жабылған.
Шаруалар да қуанышты күлімдеп
Ептеп өтті алты аяғы қыс күнім деп,
Балалар да лек-лек болып доп қуған,
Жалаң аяқ, жалаң бас жүр дірілдеп.
Мал да, адам да не бар жандық мәз болды,
Қатар түзеп, үйрек, аққу, қаз келді.
Жердің жүзін бейне ұжмақка теңейтін
Алақай, алақай-ау, жаз келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу