file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  664


Автор: Шырын Мамасерікова

АСЫЛ АНАМ

(Анам Ділдәк.лдің рухына арнаймын)


Енді ешкім сыйнамайды бұрымымды,


Өзіңсіз өтіп жатыр күнім мұңды.


Аяулы асыл анам, кешіре гөр,


Жетпеген қадіріңе құлыныңды.


Шаттанып, құшағыңда күлуші едім,


Медеу ғып көлеңкеңді жүруші едім.


Анашым қуансам да, қайғырсам да,


Айтқызбай жан сырымды білуші едің.


Жастық қып өстім сенің иығыңды,


Тартқыздым талай рет күйігімді,


Анашым, көз жұмдың ба армандаумен,


Көрсем деп бармақтай бақ биігімді.


Қорғаған қарлығаштай балапанын,


Жаныма ыстық еді алақаның.


Өртеген өзегімді өкініштің,


Япыр-ау, қалай жазам жарақатын?!.


Өшірмей өзің жаққан шырағыңды,


Жүректен сағынғанда жыр ағылды.


Алдыңнан шығып дәйім жақсылығың,


Жұмақтан жазсын тәңір тұрағыңды!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу