Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  245


Автор: Шырын Мамасерікова

Ескерткіш

Көп болған соң қантөгістер, қырғындар,


Жер шарының жүрегімде бір мұң бар.


Бейбітшілік патшалығын аңсайды.


Сұм соғыстан тату қайтқан тұрғындар.


Жауыз фашист ажал бұлтын торлатты,


Сен мыңдаған шаңырақты сорлатты.


Жеңіс күні шейіт болған маңдайда,


Жауынгерге аскерткіш ел орнатты.


Мәігілік от алауының қасында,


Қаза тапқан ер қабірі басында.


Жұрт жиналып мерекеде гүл қояр,


Нағыз батыр өлмейді екен расында.


Ерлікке сай қаһармандық салтымен,


Ауызданған ата-баба даңқымен.


Жаудың шебін бұзып – жарған сол сарбаз,


Бірге жасап келе жатыр халқымен.


Аялаған құшағында ұлы Отан,


Арманыма тапқаныммен қуат, ән.


Тірілермен тіл табыспай қалғанда,


Ескерткішке мұң шағуды ұнатам.


Аспаны ашық болса екен бар аймақ,


Атады таң нұр шапағы арайлап.


-Жарық күннің қадіріне жете біл!-


Дейді ескерткіш тұрғанымда қарайлап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу