Өлеңдер ✍️

  26.04.2021
  1748


Автор: Халық әндері

Әттең тонның келтесі-ай

Әттең тонның келтесі-ай


 


Салқым, саяқым ағашқа асылайын, еркесі-ай,


Балалықты біз тастап, қосылайық еркесі-ай.


Жеңгең келсе, жеңген өзің,


Ниетіңе көнген өзің,


Қосылайық, еркесі-ай.


 


Қайырмасы:


Сен емес пе ең маған теңдес,


Сен көнгенмен, әкең көнбес,


Әттен тонның келтесі-ай.


 


Ақ отаудың түндігін ерте ашарсың еркесі-ай,


Шымылдықтың шетінен көрпе ашарсың бикеш-ау.


От жағарсың, шай қайнатып,


Әлдилерсің бала ойнатып,


Әттең түннің келтесі-ай.


 


Қайырмасы:


Сүйте-сүйте ақша бет әжім басар еркесі-ай,


Ине сабақ көз көрмей, назың қашар бикеш-ай.


От жағарсың, шай қайнатып,


Әлдилерсің бала ойнатыл,


Әттең түннің келтесі-ай


Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу