Өлеңдер ✍️

  26.04.2021
  327


Автор: Халық әндері

Екі-ай көк

Сен шығасың, боз үйден
Керіліп-ай сәулем-ау, бір басуға-оу аяқты
Ерініп-ай екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ай.

Гүлден ұшқан аққудай-ай
Көтеріліп сәулем-ооу, жанарының жігімен
Сөгіліп-ай екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ай.
Тау басында екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ай.

Бұл өмірдің қызығы-оу
Жайлаудағы сәулем-ау, бұл көңілім жастықпен
Қайда аумады екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ай.

Сен есіме түскенде-ооу
Сенер болсаң сәулем-ай, мұңайамын ботадай
Байлаудағы екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ай.
Тау басында екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу