Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.04.2021
459
Кекілді қыз
Бақтар балқып жатқанда
Гүлге оранып-ай
Сырласайық кел құрбым, қырға барып-ай
Жан тербеген назыңмен, кекілді қыз-ай
Жүрегімді кетіпсің, ұрлап алып-ай
Қ/СЫ
Айдын шалқып аққуың
Тербейді екен, тербейді екен-ай
Сағынғанда жайқалтып келмейме екен, келмейме екен-ай
Қолындағы шілделі қызыл шөпін-ай
Естелікке құрбыжан бермейме екен бермейме екен-ай
Күлкің нәзік қайқы орақ сыбдырынан-ай
Жаралғандай дидарың күн нұрынан-ай
Тәтті ұйқыда талықсып жатсамдағы-ай
Оянамын сырғаңның сығырынан-ай
Қ/СЫ:
Әсем моншақ жұлдыздар алынғанда-ай
Ай нұрына ақ жүзің малынғанда-ай
Ауылыңның сыртынан ән шалқыса-ай
Мен деп ойла ән салған сағынғанда-ай
Қ/СЫ:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter