Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
17.04.2021
490

Бір кедейдің сараңдығы
Бір кедей қазақтың, Жансары, өзінде ұл жоқ. Жалғыз қызын Қозғанға ұзатқан. Жалғыз қызы төркіндеп келіпті. Сонда қызына мал бермей-беріп қайтарған сөзі:
— Бір сиырым алабас, айдауыңа жарамас. Бір сиырым қашқан жоқ, сен түгіл бұқа етегін ашқан жоқ. Біреуі қашып кеткен қашар, айдауыңа нашар. Бірді-екілі тайынша, о да айдау, байлау көрмей жүргендігін жақсы көреді жайынша! — деп, қызын құр қайтарыпты.
Ақырында: «Өлер шағым болды, баламды көремін!» — деп, шақырып алып, бір бұзау-тайынша беріп қайтарыпты.
Қазақта да мұндай мырза жан болады екен.
кедей сараңдық ұл қыз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әңгімелері Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇