Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.04.2021
248

Жаман пейіл
Бұл қарын бір күн тоймақ, бір күн ашпақ,
Күнде тойып отырса, тым-ақ жақсы-ақ.
Бұрыннан келе жатқан жаман әдет, -
Қарны ашқан қаралы үйге қарай қашпақ.
Не болар жеген тамақ арын сатып,
Тұрған жоқ еріп іші, сені ұнатып!
"Бір тойған - шала байлық," - деген қазақ
Қызығып тойғандыққа қалар жатып.
Бұрынғылар:"Балалы үй-базар," - деген,
Жарасар сондай үйде ішкен-жеген.
Баласы жоқ думан ғып отыратын, -
Үйдің атын бүл бір "қу мазар" деген.
Осы күнде дағдарып, бұл жұрт сасқан,
Кез болып бір пейілге асқан-тасқан.
Тарының қауызындай болмай қалды,
Астың - жер, болғанменен үстің аспан!
жаман пейіл қарын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter