Өлеңдер ✍️

  16.04.2021
  234


Автор: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Жұмбақтар

(өз қолжазбасы бойынша)

1. Бір жапырақ еті жоқ,
Бір ұрттам қаны жоқ,
Белгілі жаны жоқ,
Сөйлегені не нәрсе?

2. Бір жапырақ еті жоқ,
Бір ұрттам қаны жоқ,
Белгілі жаны жоқ,
Не керектің бәрі ізінен табылған не нәрсе?

3. Жансыз, денесіз, дем алып тұрған не?

4. Бас, көз, ауыз, тілден дәнеме жоқ,
Айтқан сөзі артында қалған екеу не нәрсе?

5. Жын емес, адам емес, періште емес,
Адам баласына тағылым берген не нәрсе?

6. Жын емес, адам емес, періште емес.
«Охи!»-ға ие болған не нәрсе?

7. Өзі өлді де, өлгендік себебімен
Екінші өлікті тірілтуге жарады - не нәрсе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу