Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.04.2021
341
Керек
Керекті керек білмеген,
Керектен қашып күйреген,
Еріксіз керек сүйреген
Біздің қазақ емес пе?
Керексізді керек деп,
Санасыз, ойсыз дедектеп,
Керекке осы кезек деп
Адасқан азап емес пе?
Керексіз ғұмыр жайлаған,
Керекке қолын байлаған,
Еріксіз заман айдаған
Қазақ мазақ емес пе?
Керекті білген кемелдер,
Бас үшін уайым жемеңдер,
Қазақты қолдан демеңдер,
Міндетің сол емес пе?
Асыраңыз, емдеңіз,
Түзелер деп сенбеңіз,
Тартқаны бейнет, азап қой,
Қарасар жол емес пе?
«Елді жесін,– дей көрме,–
Елден елім артылып»,
Бірдей шықсын елім де
Таразыға тартылып.
Кейін қалып, елімді
Ел жемесін деп талпын,
Нысабы толық білімді
Тартады сөйтіп өз халқын.
керек қазақ заман Шәкәрім Құдайбердіұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter