Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.04.2021
333
Қызды көрсем сүйіп қалам...
Қыздар, қыздар ғажапсыңдар,
Тал шыбықтай бұралып барасыңдар.
Сәуле шашып күн нұрындай,
Еліктетіп, санамды уларсыңдар!
Қайырмасы
Қызды көрсем сезімге елтіп,
Есім кетіп, сүйіп қалам.
Сендер өмір гүлісіңдер,
Сүю үшін жаралған!
Қыздар, қыздар ғажапсыңдар,
Ер жігітті жүріспен-ақ желіктіріп барасыңдар.
Тас боп қатқан жүрекке, жан бітіріп,
Құштарлықты қытықтап ояттыңдар.
Қыздар, қыздар ғажапсыңдар,
Мұз жүректі ерітіп,
Қылығымен баурағандар.
Бойға қуат сыйлағандар.
Қызды көрсем сезімге еріп,
Қызды көрсем сүйіп қалам.
Қыздар өмір гүлі ғой,
Сүю үшін жаралған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter