Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.04.2021
590
Дұға
(М. Ю. Лермонтовтан)
Өмірде ойға түсіп кем-кетігің,
Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең — оқитұғын дұғам менің.
Ішінде бір қуаты барға ұқсайды,
Тірі сөздің жаны — сол, айрылмайды.
Қасиетті нәфәсі¹ желдей есіп,
Қайнап тұрған ыстық қан салқындайды.
Жаныңның ауыр жүгі жеңілгендей,
Көңілден кернеген кек кемігендей —
Болады жылауға да, сенуге де,
Жүректің басынан у төгілгендей.
дұға аударма Лермонтов мінез жүрек Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы өлеңдері Абай Құнанбайұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter