Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.04.2021
372
Бородино
(М. Ю. Лермонтовтан)
– Айтшы, аға, неғып жеңілдік
Мәскеуде емес тегіндік,
Болған білем соқтығыс,
Емес білем аз жұмыс.
Ұмытпайды еш орыс,
Бородинде көргенді.
– Ондағы біздің адамдар,
Сендердей емес, балаңдар.
Қиын тиді оларға
Аз кісі-ақ қайтып санарға.
............................................
Қол салмаққа кәртечке1
Ол күн болды, күн кешке,
Қас қарайып, болды түн.
...........................................
Штык, қылыш қайрасып,
Ширатып мұртын шайнасып,
Ашулы солдат қыстықты:
«Қойса екен бізді тыюын,
Айтса екен бізге қиынын,
Жыртпасақ жаудың киімін,
Біз не етеміз, штыкті»...
...........................................
1 - Картечь (орысша) – шашылып атылатын оқ.
лермонтов аудармалары Бородино аударма Лермонтов Мәскеу Абай Құнанбайұлы өлеңдері Абай Құнанбайұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter