Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.04.2021
338
Асау той, тентек жиын, опыр-топыр
(М. Ю. Лермонтовтан)
Асау той, тентек жиын, опыр-топыр,
Ішінде түсі суық бір жан отыр.
Алысты тұманданған ол ойлайды,
Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр.
Ішкен-жетен, таласқан, ойнап-күлген,
Кезек жоқ, келісім жоқ, сөйлей берген.
Дауырыққан, күліскен, өлеңдеткен
Қайғысызға қайғырып, жиіркенген.
Көп отырды, қозғалды сөйлегелі,
Құлағымда бүгін тұр соның үні:
Сендерге не жүмыс бар тағдырменен,
Ойнай бер де, күле бер күні-түні.
Ойынға ойсыз надан бәрі құмар,
Дүние істеп өз жүмысын жатқан шығар.
Елемесең, елетер, бір танытар,
Қайда айдаса, барасың,— кім тартынар?
той жиын аударма Лермонтов Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы өлеңдері Абай Құнанбайұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter