Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  617


Автор: Міржақып Дулатұлы

Қобызшы ініме

Талай елді аралап,
Талай жерді саралап,
Біз келеміз бұл күнде,
Елге үлгі шашқандай,
Дұшпанның көңілін басқандай,
Айбарлы едік бір күнде.
Толықсыған эаманға,
Қаратылған амалға,
Елден ауып көшкен соң,
Ұшырап сапар шеккен соң,
He демес көк ми надандар?
Серпіліп тұман ашылар,
Қамыққан көңіл басылар.
Бейнетті қанша көрсем де,
Іздеймін жолын Алаштың,
Дұшпанменен таластым.
Бермейміз елді қорлыққа,
Көнбейміз бекер зорлыққа,
Соны кектеу түрі бар.
Шырағым Даулет, сен-дағы,
Біздің жолға ер дағы,
Талаптың мін тұлпарын.
Саған болсын бұл нұсқа,
Бұл нұсқаны берік ұста,
Алғырдан туған сұңқарым.
Түзелмес заман жайланып,
Басқа дәурен айналып,
Сонда бізге ерерсің,
He қызықты көрерсің.
Кешеден бергі қызмет
Еткеніңе рақмет.
Қайырлы болсын талабың.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу