file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  26.03.2021
  254


Автор: Тайыр Жомартбаев

Үлкен әке және немере

Сексен жас түсірмейді қандай күйге
Қартайып үлкен әке жатты үйде.
Қол қалтырап, буынның бәрі босап,
Сүйеніп әзер тұрар жайма шиге.
Көруі де, естуі де – бәрі күңгірт,
Бет сүйек адырайып, суалған ұрт.
Ас ішсе, дастарқанға төгіп-шашып,
Ренжір маңындағы отырған жұрт.
Баласы әкесінен жиіркенді,
Ешкім жоқ, қарап тұрса, өзі теңді.
Былғар деп, бірге отырса, дастарқанды,
Ас беріп саптыаяқтан қойды енді.
Бөлек жеу байғұс шалға қайғы болып,
Ойланды, жатса-тұрса жас дәуренді.
Ынтасы бірге жеуге соқса-дағы
Шара жоқ, не қылса да, бала жеңді.
Бар еді немере ұлы осы шалдың,
Ойнайды ішін ойып ағаштардың.
Болғандай өз басында, қайғыланып,
Түскенін атасына мұндай халдың.
Жас та болса біршама кірген есі,
Сұрады баласынан өз әкесі:
«Ей балам, ұстап жүрген ағашың не?
Жарайды керегіңе оның несі?»
Баласы жауап берді, айтып ашық:
«Ағаштан аяқ жасау маған машық.
Сізге де саптыаяқтан тамақ берем,
Қартайсаң атамдай боп, халың қашып».
Әкесі бек ұялды мына сөзге
Кеткен жоқ жерге кіріп көрер көзге:
«Өзімнің туған балам бұлай деді,
Басқа жұрт не демейді мұнан өзге!»
Әкесі баласынан алды сабақ,
Босатты байғұс шалды қойған қамап.
Келерін өз басына білгеннен соң,
Отырып шалмен бірге жеді тамақ.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу