Өлеңдер ✍️

  29.04.2025
  180


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жүремізбе осылай

Жүремізбе осылай бір қосылмай.


Сенде менде махаббаттқа сене алмай,


Шын сүйетін екеуімізді бір-бір жанды,


Жолықтырмай кетеміз бұдан былай.


 


Қос ғашыққа жетеді бір ауыру.


Ауыруды болмайды әдет қылу,


Өкінгенмен сені ойлап өзегіммен,


Болмас енді ешқандай пайда жылу.


 


Жүремінбе осылай ғашық болмай,


Басқа жанға жүрембе жыр арнамай,


Ойымдағы әдебиет күй мен әнім.


Тек сен үшін бұл өнерім жаралғандай.


 


Мен мылқаумын келгенде басқа адамға,


Айналамын ойланбайтын дүбәраға.


Өзгеремін жаза алмайтын мылқау жанға,


Әсер еттің жүректегі мұздай қанға.


 


Азап шегем сағынып тарылумен,


Қай жолдардан білмеймін аңсап келем.


Ұмытсаңда сен мені сонау жылда,


Тек өзіңді жылдан-жылға сүйіп келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу