file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  25.04.2025
  28


Курстық жоба: Жүктіліктің ерте кезеңдерінде асқынулардың алдын алу үшін халықпен медициналық профилактикалық жұмыс

Менің курстық жұмысымның тақырыбы – жүктіліктің ерте кезеңдерінде асқынулардың алдын алу үшін халықпен медициналық-профилактикалық жұмыс. Бұл тақырыпқазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Өйткені ананың да, болашақ ұрпақтың да денсаулығы ең алдымен осы жүктілік кезеңіндегі дұрысбақылауға байланыстыүктілікбұл әйелағзасындағы үлкен физиологиялық әрі психологиялық өзгерістер кезеңі. Әсіресе жүктіліктің алғашқы үш айы – өте жауапты уақыт. Бұл уақытта ұрықтың негізгі мүшелері қалыптасады. Сондықтан ерте кезеңде пайда болатын асқынулар өте қауіпті болып табылады. Олардың қатарына өздігінен болатын түсік, жатырдан тыс жүктілік, токсикоз, қан кету, ұрықтың дамымай қалуы сияқты патологиялар жатады. Осындай жағдайлардың көбі ерте алдын алу жұмыстары арқылы болдырмауғаболадыүктілік асқынуларының себептерінеәйелдің денсаулығында бұрыннан бар гинекологиялық немесе созылмалы аурулар, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, ауыр еңбек, жүктілікке дейінгі дайындықтың болмауы және медициналық көмекті кеш іздеу жатады. Осы факторлардың әсерін азайту – медицина мамандары мен қоғамның ортақ міндеті.Осығанбайланысты курстық жұмысымда халықпен профилактикалық жұмыстың мәні мен түрлерін қарастырдым. Ең алдымен бұл – ақпараттық-ағарту жұмысы. Яғни, болашақ аналарға жүктілікке дейін және алғашқы апталарда қандай тексерулерден өту керек екенін түсіндіру қажет. Бұл жұмысты емханаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында, тіпті ауылдық жерлерде де жүргізу маңыздырофилактикалық жұмыстыңнегізгі бағыттарының бірі – жүкті әйелдерді ерте тіркеуге алу. Себебі жүктілік 12 аптаға дейін тіркеліп, алғашқы тексеруден өтсе, болашақ ананың денсаулығын бақылау әлдеқайда жеңілдейді. Сонымен қатар, фолий қышқылы сияқты дәрумендерді ерте қолдану ұрықтыңдұрыс дамуына көмектеседі.


 Тағы бір маңызды аспект – аналар мектебінің жұмысы. Бұл мектептерде жүкті әйелдерге дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, психологиялық дайындық және босануға дайындық туралы кеңестер беріледі. Сонымен қатар, жастар арасында жыныстық тәрбие мен отбасын жоспарлау мәселелерін де қамту қажет. Бұл – ерте жүктіліктің және соның салдарынан болатын асқынулардың алдын алудың тиімді жолы.


Қазіргі заманда профилактикалық жұмысты тек дәстүрлі жолмен емес, заманауи технологияларды қолдана отырып жүргізуге болады. Мысалы, мобильді қосымшалар арқылы жүкті әйелдер өз жағдайын бақылап, қажет кезде дәрігерден онлайн кеңес ала алады. Әлеуметтік желілер, онлайн дәрістер, бейне сабақтар да үлкен рөлатқарады.


  Жүктіліктің ерте кезеңінде медициналық-профилактикалық шаралар жүргізу тек асқынулардың алдын алып қана қоймай, жүктілік бойы қауіпсіз бақылауды қамтамасыз етеді. Әйел адам жүктілікті білген сәттен бастап, 12 аптаға дейін емханаға тіркеліп, алғашқы кешенді тексеруден өтуі тиіс. Бұл тексерулерге мыналаркіреді:


Жалпы қан, зәр талдауы;

Қан қысымын өлшеу, салмақ пен бойды тіркеу;

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ);

АИТВ, сифилис, гепатиттерге тестілеу;

Жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйелерінің жағдайын тексеру.

Осы шаралар арқылы дәрігер жүкті әйелдің ағзасындағы ауытқуларды ерте анықтап, емдеу немесе түзету жолдарын ұсына алады. Мысалы, анемия, йод тапшылығы немесе жоғары қан қысымы сияқты жай-күйлер уақтылы анықталса, оларды емдеп, жүктіліктің қауіпсіз өтуіне жағдайжасауға болады. Тағы бір маңызды жайт – жүкті әйелдің психоэмоционалды жағдайы. Ерте токсикоз, күйзеліс, ұйқысыздық және қорқыныш – бұл кезеңдегі жиі кездесетін мәселелер. Сондықтан, профилактикалық жұмыстар аясында жүкті әйелдерге психологиялық кеңес беру де өте маңызды. Қазіргі таңда көптеген емханаларда психолог мамандар жұмыс істейді, бұлоңқадам.


 Жалпы, ерте кезеңдегі профилактикалық шаралар ана мен баланың өміріне қауіп төндірмей, босануға дейінгі кезеңнің сапалы өтуіне мүмкіндік береді. Сондықтан да халықпен үнемі, жүйелі, ғылыми негізделген профилактикалық жұмыс жүргізу – еліміздің болашағы үшін ең маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек.  


  Қазіргі таңда Қазақстанда ана мен бала денсаулығын сақтау – мемлекет деңгейінде қолға алынған маңызды міндеттердің бірі. «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» сияқты ұлттық бағдарламаларда жүктіліктің ерте кезеңіндегі бақылауды күшейту, скринингтік тексерулердің қолжетімділігін арттыру, ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық көмекті дамыту сияқты бағыттар айқын көрсетілген.


  Медициналық-профилактикалық жұмыстардың нәтижелі болуы үшін денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін мамандардың кәсіби біліктілігі де маңызды рөл атқарады. Медицина қызметкерлері жүкті әйелмен сенімді қарым-қатынас орнатып, әр анаға жеке көзқараспен қарауы керек. Бұл болашақ ананың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына септігін тигізеді.Сонымен қатар, профилактикалық шараларға тек медицина қызметкерлерін ғана емес, қоғамды – мектеп мұғалімдерін, психологтарды, БАҚ өкілдерін, дін қызметкерлерін де тарту қажет. Себебі жүктілікке және аналық жауапкершілікке көзқарас қоғамда қалыптасатын дүниелердің бірі.


Ұсыныс ретінде мынадай шараларды атап өтуге болады:


Жас отбасылар мен қыз балаларға арналған тұрақты семинарлар ұйымдастыру;

Ауылдық жерлерде жылжымалы медициналық қызметтерді көбейту;

Онлайн платформалар арқылы жүкті әйелдерге арналған тегін вебинарлар мен видеосабақтар жасау;

Аналардың әлеуметтік қолдау жүйесін күшейту (мысалы, психологиялық көмек, уақытша жұмыс жеңілдіктері т.б.)

Жалпы алғанда, жүктіліктің алғашқы кезеңінде профилактикалық жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы – тек бір адамның емес, бүкіл ұлттың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор. Осы бағыттағы жұмыстар үздіксіз, жүйелі түрде әрі заманауи тәсілдермен жүргізілген жағдайда, ерте асқынулардың алдын алуға толық мүмкіндік бар.


Қорытындылай келе, жүктіліктің ерте кезеңдерінде болатын асқынулар – алдын алуға болатын жағдайлар. Ол үшін қоғам мен медицина қызметкерлері бірігіп жұмыс істеуі тиіс. Халықпен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізу – сау ана, сау бала және сау ұрпақ кепілі. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу