Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.04.2025
469

Өзім жайлы...
Сақтамаппын өзгелерге кек мүлдем,
Өзіншелеу адамдарды жек көргем.
Біреу мені жамандап, өсек айтса,
Беттеріне қарап тұрып тек күлгем.
Сыйластығым үзілмеген бәрінен,
Сол баяғы еркелеумін әлі мен.
Барлығына көмегімді көрсетер,
"Сіз" деп сөйлер үлкен,кіші,кәрімен.
Мейрімімде шек жоқ менде дер едім,
Адалдықпен өмір сүріп келемін.
Бар әлемді жүрегіме сыйдырып,
Ол жандарды қатты жақсы көремін.
Бар адамды көрмей қалсам сағынған,
Көмек болса,жандарынан табылғам.
Сын айтса егер,өзгеруге тырысып,
Жаныма бір жақындарға бағынғам.
Күлімдеген ғажайып бір жүзім ғой,
Таусылмайтын,табындырған төзім ғой,
Әй,әттең-ай!
Оянып бір кеттім мен,
Бұл әшейін түсімдегі өзім ғой.
Шындығында бұндай емес кезім ғой!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇