file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  423


Автор: Жәнібек Салқынбек

"Ауылда өскен алтын қыз"

 



Ауылда өскен алтын қыз,
Оқуға түсті қалаға.
Сарғайған күңгірт салқын күз
Қуана қарсы ала ма?!



Әкенің берген тәлімі
Сақталар ма екен санада.
Ананың жылы мейірімі
Тоңдырмас па екен далада.



Алғашқы күндер танысу
Достармен жаңа, жайдарлы.
Көңілін тауып, табысу
Бөлісу өткен жайларды.



Күн өтер, айлар сырғыйды
Нәзік қыз енді айбарлы.
Есінен аздап шығарды
Ата-ана деген қайнарды.



Туған күн, мейрам, қыдырыс
Басталды думан тойлары.
Нашарлап тіптен бүгін іс
Сан-саққа кетті ойлары.



Көйлектің киіп қысқасын
Таяздай берді бой нәрі.
Ішімдік ішке енді де
Жігіттің болды ойнағы.



Айтарым, ойым, түйгенім
Қалаға келген алтындар
Шығарма естен, ауылда-
Алтынды туған алтын бар.
(Үмітін артқан халқың бар.)



Сөнбесін таудай талабың
Білімге құштар қалпың бар.
Мүмкіндік қайтып келмейді
Сәтің бұл - сөнбей жарқылдар.



Достарың болсын иманды
Жақсылыққа жетелер.
Көкейде сақта ибаңды
Мәртебеңді көтерер.



Уақытты босқа өткізбе
Құрдасың болмас бөтен ер.
Бір Алладан дұға ет
Сынақтан сынбай өте бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу