file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  438


Автор: Сұлтанова Ақнұр

Әкем менің...!

Әке деген-асқар тау бір дара сынды,
Ұғынар сенің әр көз-қарасыңды.
Еркелетіп, бар мейрімін төгіп жүрген,
Менің әкем, иә, әкем бала сынды!



Бұл орынға ешкімді теңемеймін,
Жақсылықтан басқаны тілемеймін.
Маған айтқан әр сырлы сөздеріңді,
Жүректе ұмытылмастай шегелеймін.



Барлығының қорғаны болып жүрген,
Мен қуансам, қуанып ол да күлген.
Не сұрасам, тек соны әперетін,
"Балаларым үшін" деп өмір сүрген.



Мен көрген қиындықты көрмесін деп,
Тектен-текке мұңайып жүрмесін деп.
Аштық пенен жоқтықты бұл өмірде,
Өмір бақи естімей,білмесін деп.



"Үмітімді ақтар" деп болашақта,
Ең жақын адамым деп санасақта.
Мына бес күн өмірде ойлап көрші,
Әке керек,қай жаққа қарасақ та.



Арманға жетем деген бар амал бар,
Бұл адамның ерекше бағы болар.
Кеш болмай,өкініп тек қалмас болсаң...
Дер кезінде әкелерді бағалаңдар...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу