file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  459


Автор: Асат Асқар

Бұл өмірде!

 



Біреулер махаббатын табалмай жүр
Біреулер кредитін жабалмай жүр
Біреулердің сүйіктісі бола тұра
Қолын сұрап сырғасын тағалмай жүр



Біреулердің соткасында тариф біткен
Ақша жоқ еденица салалмай жүр
Біреулерге біреулер қарыз тіптен
Əлі күңге ақшасын алалмай жүр



Біреулер бес ешкі сатып алып
Бесеуін дұрыстап бағалмай жүр
Біреулер 100 грамды татып алып
Үйінің адресін табалмай жүр



Біреу отыр жұмыс сұрап мен барғанда
Бастығына мен қалай сөйлесем деп
Біреу отыр қызы мен Ресторанда
Щетты қалай енді мен төлесем деп



Біреулер бір бірі мен ажырасты
Біреулер қайтадан татуласты
Біреулердің дəл бүгін ісі жүріп
Жаратушым Алла оның бағын ашты



Біреулердің іштері пысып отыр
Біреулердің көңілі түсіп отыр
Біреулер бастағы проблемадан
Арақты сылқылдатып ішіп отыр



Айта берсем ары қарата көпқой досым
Өмір деген бұл өмір өмір осы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу