Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.04.2025
33

"Бұйырмағыр бақытым"
Бәрі әдемі, бәрі сұлу, керемет,
Маған да бір ғажап өмір керек ед(і).
Ей адамдар, алаламай ақынды
Өздеріңмен ере кет.
Жетпеді ме, өткені ме уақытым,
(Сұрамаймын дүниенің жақұтын.)
Айтыңдаршы қайда әлгі сужүрек
Бұйырмағыр бақытым.
Бұдан асқан табылады дерт нендей,
Ауыратын науқасың да жоқ мендей.
Сезіледі бүкіл әлем бірігіп
Мені тастап кеткендей.
Тыңдау үшін сол кеудеңмен құлақ түр,
Үңілгенге жараланған құрақ құр.
Тастай қатты деп ойлаған жүрегім
Бүгін үнсіз жылап тұр.
Әдетіме айналғандай бұл менің,
Жан сырымды жасырады түрлерім.
Қорқынышты көрінеді өзіме
Күліп жүрген күндерім.
Бәрі әдемі, бәрі сұлу, керемет,
Маған да бір ғажап өмір керек ед(і).
Ей адамдар, алаламай ақынды
Өздеріңмен ере кет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇