Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  37


Автор: Жалғас Ибатуллин

Күз келіпті...

 



Көріктім күз келіпті білесің бе?
Енді мұңмен арпалысып жүресің бе?
Сағыныш жанды қатты қинап жатыр
Бұған жаным бар сенің үлесің де



Көріктім күз келіпті айналаға
Жадыраған жүзіңді қайғы ала ма?
Басқа жанды табарсың бақытты етер
Бірақ сатқындығыңды қайталама



Көріктім күз келіпті сағындырып
Айтайын несін оның жағымды ғып
Жалғыздық баяғы сол ілесері
Кетеді енді өзіне бағындырып



Көріктім күз келіпті жаныма қас
Жырларым мұңмен енді мағыналас
Жарығым қарайлама өткеніңе
Жолыңды алдыңдағы бағыңа аш



Көріктім күз келіпті өзгешелеу
Жылап қала бермеші сөзге жүдеу
Бұл тағдыр аямайды біліп жүрші
Қосылыңдар демейді бізге дереу



Көріктім күз келіпті қоштастырар
Сағынышты мұңмен астастырар
Күз деген біреулерді тату қылып
Ал енді біреулерді қастастырар



Көріктім күз келіпті аспаныма
Ол да тағы жасын төгіп бастады ма?
Жұбатары табылмай амалсыздан
Жабығып көзден тамшы тастады ма?



Көріктім күз келіпті қабағыңа
Қабағыңнан сырыңды табады ма?
Ол да сенің жаныңды тоңдырады
Орап алып тым суық самалына



Көріктім күз келіпті күз келіпті
Күзбен бірге жүрегің өзгеріпті
Өзгермейтін мен ғана жүрегіммен
Қаламайтын сенен басқа өзгелікті...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу