Өлеңдер ✍️

Біз уахабшы емеспіз!
Орамалы қандай ғажап бастағы,
Міне, бүгін бір сіңілім болашағын бастады.
Бір Алланың разылығын алсам деп
Кең жүрегін дін жолына ашқаны...
Білем, жаным, оңай емес бұл бірден,
Әлі талай сөз естисің әркімнен...
Саусағымен түртіп кетсе, біреулер
Ал басқасы "уахабшы ғой, бәлкім" дер.
"-Кішкентай боп біледі бәрін, қарашы!"
"-Таста ананы, сен әлі тым баласың!"
"-Жап-жас болып, намаз сенің не теңің?"
-деп туыстың қаһарына қаларсың...
Жұрттар деген өсектейді сені әлі:
"-Қара, әне, бәленшенің қызы кетіп барады,
Жамылыпты хиджаб деген бәлені
Кім біліпті, бар-ау осы күйеуі мен баласы."
Арабтармен салыстырып, талай сені жамандар,
Тарихының бір әріпін білмес-тегі надандар.
Шын мәнінде қазақ бұны "кимешек" деп атаған,
Ерте кезден парыз етіп жырға қосқан бабаң бар.
Қазақ қызы ешқашан да шашын желге жаймаған,
Жарасардай етіп басқа орамалын байлаған!
Болашаққа балта шабу емес бұл!
Керісінше, жанның ісі болашағын ойлаған.
Естімеші, тыңдамашы өзгелерден сұмдықты,
Білесің сен, жүрегіңде сайрап тұрған шындықты.
Мұсылмансың, сен қазақтың қызысың!
Тастамағын, Алла берген сыйлықты...
Білші, халқам, ренжіте алмас сені ешкім,
Сен келесің бастауында белестің...
Қорықпағын, жүзің төмен түспесін,
Себебі, біз уахабшылар емеспіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter