file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  25


Автор: Жәнібек Салқынбек

Шпион

 



Өсірмеген. Мені әлі өшірмеген,
Бір қызбенен ісім бар шешілмеген.
Ат қоюдың айтулы маманы едім
Бүгін саған тағы бір есім берем.



Шыныменен тағдырың тылсым бе еді?
Жүрегіңнің естілді дүрсілдері.
Көрмегендей қарайлап жүрмін саған
Білмегендей сен аңдып жүрсің мені.



Миымда мың сұрақ тұр бермей тыным,
Тыныштыққа келгенде кедей түнім.
Мендегі махаббатты ұрлап алған
Тыңшыларды түсіндім не дейтінін.



Жүрсе дағы жолыма түспей жолы,
Сыр білдірмей сүйемін іштей оны.
Қайда жинап жатырсың бақытымды
Менің сезімдерімнің шпионы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу