file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  45


Автор: Жәнібек Салқынбек

Достарым

 



Не дейін халқым, не дейін,
Көсемсіп отыр көмейім.
Достарым өзін танысын
Бір өлең жазып көрейін:



Сақтайтын сақа қалыбын,
Қайдасың асыл бауырым?!
Мінезің сенің шынайы
Ғұмырың тұнған тағылым.



Қарызым қайда ей, досым,
Көңілге келед(і) кейде осың.
Бермесең берме, өзің кел
Қолымның кірі сый болсын.



Шақырып жүрген мешітке,
Жақсының аты өшіп пе?
Ақыреттік бауырлар
Бұйырған екен несіпке.



Қойсаңшы досым құмарды,
Құмарың есті шығарды.
Барасың төмен құлдилап
Жігіт ең көпке ұнамды.



Хабарсыз кеткен саңлағым,
Кімдерді бүгін таңдадың.
Орындалып жатыр ма
Көп еді бұрын арманың.



Ешқашан да лақтырмас,
Болар-ау деп ем нақ құрдас.
Таптырмайтын кей досым
Керек кезде таптырмас.



Бағаланбас батырым,
Бөлмейді бізді шақырым.
Қасымда жүріп қас болмай
Дос болған менің жақыным.



Сен дейтін кейде сіз дейтін,
Әйтеуір үміт үзбейтін.
Жолдастар да баршылық
Іс түссе ғана іздейтін.



Қара бол мейлі ақ та бол,
Темір бол мейлі мақта бол.
Жалғыз болма ешқашан
Сыйластыққа баста жол.
Болмауы тиіс басқа жол!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу