file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  35


Автор: Жәнібек Салқынбек

"Мен сені білемін ғой"

 



Мен сені білемін ғой, жайдарысың,
Жайдары шат көңілің қайда құсым.
Кінәсіз қанатыңды байламашы
Кінәлі мына менің пайдам үшін.



Бұлқынып айтылмаған сырың іште,
Бір күні айналады ұлы күшке.
Арам ойы болмаған ақ періштем
Алданып қалмаса екен Ібіліске.



Сен мені ойлайсың ғой түсінемін,
Кіріп те жүрмін бәлкім түсіңе мың.
Әйтеуір өзің менің жүрегімде
Жатталып қалған жалғыз мүсін едің.



Мүсін едің ақылды ажарынан,
Дүниенің бұйырған базарынан.
Қолыңнан келсе мені құтқарып ал
Жаным-ау, жалғыздықтың азабынан.



Мен сені білемін ғой, білемін ғой...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу