Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  24


Автор:  Ғасырбек Орынбай

Төгілу 2.

 



Құдайға!



Тағдыр- кейін көрінетін бір айна.
Шектеулер көп,көбі оған шыдай ма?
Шыдап жүрмін, бірақ қиын, сондықтан.
Уәжімді айттым Құдайға.



Әнге тыйым, салдың, қиын тыңдамау.
Үнсіздікпен жара бетін тырналау.
Ақын болып туылғасын болмайды,
Жан дертіңді жырламау.



Көнбегеннің жоқ ау сірә оңғаны.
Міндет қанша? Кітабыңда (ондағы).
Орындайын десем бірақ,
Нәзік оның қолдары.



Ауыр әрі қызық сенің өміріңнің қиысы.
Бірде жұмсақ,бірде қатты сынағыңның тиісі.
Қамсыз ғана өткізейін деп тұрған,
Өмірімді бұзды оның иісі.



Пешенеме жазғандарың,осы өлеңді әкелді.
Мейірлісің,кешемісің менің барлық қатемді.
Құлап,тұрдым шалған мені, сен құрған.
Өмір деген әпенді.



Құран кітап ағарудың жолысың.
Ағаруым керек һәм сол борышым.
Құдай саған сендім,сенем мені сен,
Кешіруің керек шығар сол үшін.



(А)- Ғасырбек Орынбай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу