Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.04.2025
226
Сұлутөбе
Қызылорда мен Шиелінің арасы
Қызылордадан жарты сағат шамасы
Тіршілікте кәрі,жасы,баласы,
Сұлутөбеге сыр шертіп бір қарашы.
Ешкімге өкпесі жоқ Сұлутөбе шахары!
Таңға дейін жарқырайды шамдары.
Қолаң шашты көрікті ару күзеткен,
Ұйқысыз тепсе темір үзер балдары.
Жарқырап күн шыққанда аспаннан,
Әдемірек ойдан шыққан дастаннан.
Мектептің тарихына сыр шертсең,
Туған жердің тынысы бөлек басқадан
Сұлутөбеге ешкімнің жоқ өкпесі,
Мұстафадай қайраткердің өлкесі.
41-дің түлеген жастарының барында,
Мұстафаның болмысының өлмесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇