Өлеңдер ✍️

  22.04.2025
  58


Шаді Ерасыл Мырзаянұлы

Әке

Өмір-ай желмаядай жере жортқан, 


Әке сенсіз, менің бағым бес батпан. 


Өмір жолын ізгі деп саралаған, 


Артыңнан еріп келет бір арыстан.


 


Көз жасым білінбейді қуаныштан, 


Кең далада жетіліп түлеп ұшқан. 


Ата-анам қапысыз қалдырмайды, 


Жортуылға ұмтылған қыран құстан.


 


Әке сен тұлғасы биік тарлансың,


Артыңдағы ұл-қызыңа қорғансың


Әке сен тастай мінез қорғасын,


Абыройың аяқ асты болмасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу