Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.04.2025
37
Ұмытпадым
Тамсансам тікенді гүлге,
Сен маған өкпелеме.
Себебі тікенді гүлде,
Бүгінде гүлденуде.
Мен бірақ өкінбеймін,
Өткінші өтер деймін.
Сен жайлы сұраса егер,
Қолымды көтермеймін.
Басқалар байлық дейді,
Құмарлық не істетпейді.
Көрпе қып қымтанбайды,
Көріне әкетпейді!
Мен әрең ел таныппын,
Көрпені жастаныппын,
Ел құрлы тірлік етпей
Ұйқыға мастаныппын.
Ұйқы деген тұңғиық ертегі ме?
Махаббаттың әлеміне ертеді де.
Ару деген ол жақта жетеді ме?
Түнім менің осылай өтеді де.
Осылайша адастым,
Білмей қара бастым.
Өткенді бір кештім,
Өзгерем деп шештім.
Жаңа жол...
Жаңа қадам...
Жаңарып қайда барам?
Түндерде көз ілерде,
Сені ойлап ойға шомам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇