file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  22.04.2025
  52


Шаді Ерасыл Мырзаянұлы

Іштен шығар ақиқат

 


Аз қалды десекте,


Ақиқат есікке


Өзіңді көрсетпе,


Ілініп өсекке.


 


Өткенді толтырып,


Ақиқат өтірік.


Өткеннің парағын,


Өртеп барамын.


 


Жыртсам да қанша бет,


Із қалып қалады тек.


Кітаптың өзіде,


Санаулы 10 ақ бет.


 


Бір беті татиды, 


Он жылдай қателік.


Әр бетті,әр адам


Қылған ғой иелік.


 


Кітапта таяды,


Бітуге ақырын.


Сені Алла аяды 


Болғасын ақылың.


 


Ендігі тастағың, 


Өзіңді мастадың.


Бақытқа жетем деп,


Өткенді ластадың.


 


Сонда да саспағың,


Жаман жол баспадың.


Өзгелер секілді,


Өткенге тастадың.


 


Сен әлі көрмессің,


Сөзіме сенбессің.


Баянды махаббат,


Бағыңа таласат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу