file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  22.04.2025
  513


Автор: Ғибратты әңгімелер

Шибөрінің айласы

Ертеде бір орманда аңдар тату-тәтті тіршілік кешкен екен. Бір күні шибөрі келіп, өзінің зымиян айласын іске асыруға кіріседі. Ол арыстанға барып:


— Уа, тақсыр, сізге қарсы бұғы мен түлкі астыртын сөз байласуда, — дейді.


Сосын бұғыға барып:


— Арыстан сізді жеп қоймақ, өзіңізді алдын ала қорғап, басқа аңдарға қосылсаңызшы, — дейді.


Осылай шибөрі әр аңға бір өтірік айтып, орманда бүлік бастайды. Бір-біріне сенбеген аңдар ақыры араздасып, бұрынғы берекеден айырылып қалады.


Сонда қария қабылан шыдап тұра алмай:


— Әй, шибөрі! Сен өзің ештеңе жасамайсың, тек елдің арасына іріткі саласың! Мына тыныш орманды тозаққа айналдырдың, — дейді.


Шибөрі болса күліп тұрып:


— Мен ештеңе істегенім жоқ, әркім өз құлағымен естіп, өз көзімен көрмей, менің тіліммен шешім қабылдады. Сонда кінә кімде? — деп жауап қайырады...


 


Ғибрат:


Бүгінгі қоғамда да шибөрілер аз емес-ті .Ешкім оның шындығына көз жеткізбей, жаппай ере жөнелетіні несі?! Ал шибөрі болса, шетте ыржиып күліп отыр....


 


Гүлімжан Айдынқызы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу