file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  21.04.2025
  133


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Тәуба

                         


     Енесiнiң Қайнар дүниеден өткелi келiнiнiң табалдырығын аттап отырғаны осы. Назерке аң-таң. Үйдегiлердiң бiрiне бiр нәрсе болды ма деп:


– Аманшылық па, жай жүр­сіз бе? – дей бердi . Кердең, маңға­з мiнезiнен арылып, едәуiр жұмсарып қалған Жұмақыз:


– Бәрi жақсы, айналайын, – дедi. Жұмақыз қадамын жаңа басқан Жадыраны алдына алып, келiнiнiң лезде даяр болған сүттi шайын iшiп отырды. Бiртүрлi ғарiп мүскiнде едi. Жай сұрасып болған соң екеуi де бiр-бiрiне тiл қатпай үнсiз қалды. Үнсiздiктi бұзған Жұмақыз:


– Айыбымды бетiме шыжғырып басатын-ақ орның бар, саған көп зәбiр көрсеткенiм де рас, – деп күрсiнiп алды, – Тек өкiнетiнiм, осынымды, мiне, жанарымнан нұр тайғанда түсiнгенiм. Құдай-ай, тәуба, тәуба, – дедi.


      Назерке енесiне дәтiн айтып отырмады.


– Тағдырдың дегенi болды, – дедi де қойды. Бiрақ көкiрек­те сақталған жараның аузы ашыла бердi...


Назерке мен Қайнар институтты бiр жылда бiтiрдi. Алматыда қалып жұмыс жайын қарастырмақ едi, Қайнарды әкесi шақыртып қоймады. Екеуi қол ұстасып ауылға келдi. Той болды. Сәндiбай тұңғышының үйленiп, өзiнiң келiндi болғанына масаттана отырып тәңiрiне шүкiршiлiк еттi. Бәйбiшесiнiң осы күндi көре алмай, арманда кеткенiн айтты. Ал Жұмақыз томсырайып:


– Келiп-келiп Кiшi жүзден алғанын-ай. Ғұрыпы тым ерек, – деп кiрсе-шықса шалының миын жедi. Қайнар Жұмақызды туған анасындай көретiн, сондықтан ренжiтiп, бетiнен алғысы кел­медi.


   Жұмақыз ақ пен қызыл арасында келiнiнiң iсiнен кемдiк тауып, түрткiлеп отыруды әдетке айналдырды. Назерке Нөкiстен болатын. Оның сөзiн де, өзiн де келеке етiп бағатын. Енесiнiң ырымға берiк, кекшiл мiнезiн бiлген Назерке оның мезi қылған қылығына шыдай бiлдi, “ләм” деп аузын ашпады. Дәретiн көмген мысықтай ене жамандығын жарына жария етпей жасырып қалушы едi.


    Қайнар қалалық сотқа жұмыс­қа кiрдi. Арада жыл өткенде Назерке ауыр науқасқа шалдықты. Дәрiгерлер оның суық шалған деп оң бүйрегiн алып тастауға мәжбүр болды. Ұзақ емделiп әзер жазылды. Ендi Назерке үшiн бала көтеру өмiрiне қауiптi едi. Жұмақыздың өштiгiн күшейтуге бұл да бiр сеп болды. Қайнарды азғырды. Назер­ке­сiз мазмұнды өмiрдi елестете алмайтын Қайнар көңiлi құлазып, қаладан үй алып бөлек шықпаққа бел буды. Назерке көнбедi. “Бала асырап алайық” – дедi, көнбеді.


    Көп өтпей Жайнар да үйленді.Татар  қызына.Жұмақыз  еріксіз  көнді,сәл де  болса  беті  қайтты.Беташар  өтіп,ел  жатар  әлетінде  қазақтың  дәстүрі бойынша Назерке  екі жастың ақ некелі төсегін салып жатқан еді.Жұмақыз бөлмеге жұлқына кіріп, Назеркенің  қолынан  көрпені  жұлып  алып:


-Бұны  да  етегі  қанамасын  деп  ырым  етіп  жатсың,ә ?!-деді.Бала  көтеруден  үмітсіз  боп  жүрген Назеркенің  жүзі  төмен  тартып,көңілі  қалды.Жаны  жазықсыз  күйіп,қарадай  жүріп  айыпты  болды.Қайнарға  басын сүйеп  егіл-тегіл  боп жылады.Бала  асырап  алуды  қайдам, бөлек шығуға  келісімін  берді.


  Апта  өткен соң  Қайнар  еншісін  алып,қаладағы  үйіне кетті.


  Қайнар кейбіреулердей  ішіп келіп   «маған  бала тумадың»  деп Назеркені жазғырмайтын.Өмір  ақпар  судай  ағып жатты.


  Назерке денсаулығына  төнген  қауіпке  қарамастан, Қайнардың  қарсылығына  төтеп  беріп, жыл өте дүниеге  Ерзатты  әкелді.Әйтсе де,жан  сақтау  бөлімінде  бір  жетідей  ем алып  жаны  қалды.


                          


*        *     *


 


    Қайнар  аптада  бір  рет  ауру әкесіне  соғып,жағдайын  сұрап,үй  ішінің  амандығын  біліп  қайтатын.Ол  жақтан  әрекідік  көңілсіз  оралатын.Бұл  жолы  да  солай болды.


   «Сен де анаңнан  жалғыз  ең,ұлың да солай болады. Әйеліңнің  сөзінен  шыға  алмайсың... Інілеріңе бас  болып  отырсаң  болмас  па  еді?»-деген  шешесінің  жырынды  сөзі  бақсының  әніндей  бар  ойын  шырмап  алған  еді.Қыстың  тұманды  кеші  болатын.Қарсы  келе жатқан  жүк  көлігіне  қалай  соқтығысқанын  білмей  қалды.Басының  шеке  тұсын  өз  көлігінің  алдыңғы  айнасына  қатты  соқты.


   Көзін  ашты,ақ  халатты  адамдар  қоршап  тұр  екен.  Басының  қатты  ауырғанынын  сезді,қайта  талып  кетті.Емделіп  шыққан соң  да  апталап  ес-түссіз  жатып  қалатын  болды.


   Ақыры осы  дерті  асқынып,араға  үш  жыл  салып,  Қайнарды  алып  кетті.Жеті  айдан  кейін Жадыраның  дүниеге  келетінін  білмей  кетті. «Айрықша  туған  қыраным» деп  жоқтады  Назерке.Ес  біліп  қалған  ұлы  жер  бауырлап: «Көкетай,көке»- деп  жылады.Көзіне  жас  алмаған  жан  қалмады.Ай  өткен  соң  Сәндібай  да  дүние  салды.


   Қара  шаңырақтан  екі  ұдайда  бірі  келіп  қараспады.Назерке  жиі-жиі  ауруханаға  жататын  болды.


   Кейін  мектепте  есепші болып  жұмыс істеді.Күндіз  ғой  күйкі  тірлікпен  уақыт  өтті,ұл-қызы  ұйқыға  кеткенде,ай  тақырдың  бетінде  қалғандай  қорғансыз   боп қарақан  қу  басы  елегізи  беретін  еді.


   Жұмақыздың  Жайнардан  кейінгі  ұлы  Сайман  қас  қылғандай  тәжік  қызына  үйленемін  деп  тұрып  алды.


    Назеркенің  өткен  өмірінен  тартылған  желідей  келіп  жатқан  ауыр  ойын  Жұмақыздың:


-Енді,міне,екі  жат  ұлттың  балаларына  мойынсынып, денемнен дәрмен  кетіп, қауқарсыз  шағымда  қадіріңді  білдім,келін,-деген  сөзі  бөліп  жіберді.


-Ризамын саған,менің  қыңыр  қылығыма  азар да  безер  болмадың,қисық қылық  көрсетпедің.Ылғи  да  үнсіз  қалып  жеңетінсің.Осындай  үнсіздігіңе  кектенуші  ем,жарықтық.Халық  қалып  айтпайды екен: «Нені  қор  етсең,соған  зар  боласың» деп.Кеш  мені,кеше  алсаң,-деп  жанарына  жас  алды.


 


«Үркер» журналы,№5 (20) 2010


Жас Алаш  №25 1 сәуір 2014


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу