file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  21.04.2025
  19


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Зинаның зардабы

 


 


      Ерке «қызды болдың»деген жүрекжарды жаңалықты ести сала, бір жетіге демалыс алып, ауылға келді.Тұңғышын өмірге әкелген жарына бір құшақ гүл алып,алып-ұшып перзентханаға жетті.Сол жерде сыныптастары –Архат пен Аршынды көріп қалды.Олар да ұмар-жұмар боп құттықтап жатты.


-Әке болғаныңды жумаймыз ба?!-деді Архат перзентханадан қайтар жолда.


-Мұндай қуанышты атап өту –міндетім,бірақ,- дей беріп еді,Аршын:


Е-е-ей,бірағыңды қоя тұр,темірді ыстығында баспақ болар,қайда барамыз?-деді жеңіл көлігінің есігін аша беріп.


Сараңдық танытты демесін деп:


-Өздерің біліңдер,-деді жеңіл куліп.


-Саунаға барып, бір демалып қайтсақ қалай қарайсыңдар?-деді Архат. Аршын бойын желік алып:


-О,табылған ой,көп болды бармағалы,-деп Еркеге көз жүгіртті.


      Үшеуі ыстық бу қабылдап болған соң,денелеріне жамылғы жауып,сыра ішті.Өткен-кеткенді еске алып,әзілдесіп отыр еді.Сыртқы есік ашылып,он сегіз-жиырма жастағы аршын төсті үш сұлу кіріп келді.


Әлгінде Аршынның телефон арқылы әлдекімдерді шақырып жатқанын Еркенің құлағы шалған-ды.Енді өңі бұзылып:


-Жігіттер,бұларың қалай ,өзіміз отырамыз деп едік қой?-деді.


-Қам жеме бұл біздің қалтамыздан,-деді Архат алақанын ысқылап.Аздан соң Архат та, Аршын да бір-бір қызды ертіп, көрші бөлмелерге кіріп кетті.Ерке өзін қалай ұстарын білмей дал.Өзімен оңаша қалған қыздың иығына төгілген қалың шашы,ақ дидары бар еркін жаулап барады.Әйел затына деген құмарлығы ояна бастағаны да рас еді,дегенмен арын сақтап нәпсісін тия алды.


Құр отырғанша деді ме,әлде қызығушылығы артып:


-Есімің кім?-деді


-Ақсұлу.


-Осы күнге дейін жезөкшемен бетпе-бет кездеспеппін,-соңынан тілін тістеп,


-Кешір сені айтпаған едім.


-Ойыңдағыны айтып салдың ,жарайсың,-деп күрсінді де орындыққа жайғасты.


-Ішпейсіз бе? -деді Ақсұлу.


-Жоқ,сусын ішіп отырмын.


-Онда мен ішемін,-деп шөлмектегі сыраны ұрттап қойып,темекісін тұтатты да:


-Уақытымыз аз,уақыт ақша екенін білесің,-деді.


Тәнін саудалап отырған мына бойжеткенді Ерке шын аяды.Бір жағынан жаны жиіркенді.


-Аласың ақшаңды! Ата-анаң бар ма?,-деді қабағын түйіп.


Ақсұлу қарсысында отырған жанға ерсі қылықтары тым ұнамайтынын сезіп,табиғи болмысына түсіп:


-Бар, -деді.


-Не іс түсті басыңа,қалай келдің бұл жолға?


-Оншалықты майын тамызып айтатын өмірбаяным жоқ менің,-деді де ажары сынып,үнсіз қалды.Ұяты оянғанын сезген Ерке сөздерін буа сөйледі:


-Зина жасау-кешірілмес күнә.Екі дүниеде де Алланың қаһарына ұшырайсың,ақыретте жаратқанның жүзі сенен теріс айналады.Қаласаң көмектесейін,Алматыға кел.Адал еңбекпен ақша табасың.Оқуға түсесің. Кеш батып барады.Райыңнан қайтар болсаң,-деді де тілдей қағазға телефон нөмірін жазып қолына ұстата салды.Құрдастарын күтпестен даяшымен есептесті де үйіне қайтты.


       Ерке әйелі перзентханадан шыққан соң,үш күн жанында болды да Алматыға қайта кетті. Анасы кетерінде:


-Балам,енді балалы болдың,көз алдымызда бол.Құрылыс ісі мұнда да жетеді,-деген.


     Бір күні Еркенің телефонына бейтаныс нөмірде қоңырау соғылды.Ақсұлу екен. Күтіп алды.Ертесіне-ақ дүкенге сатушы етіп жұмысқа тұрғызды.Ақсұлу пәтер тапқанша Еркенің қызметтік пәтерінде тұрды.


     Ақсұлудың таңғы шықтай мөлдіреген көздеріне ұялаған қайғы бұлты сейіліп,жүзі нұрланып сала берді.Өткенді ұмытып,көңілді жүруге тырысты.Ерке жұмыстан келгенде кешкі асын дайындап күтіп отырды.Ерке сүйеніш,таяныш болатын ағалық мейірімнен арыға бармады.«Өмірің алда,жібі түзу жігіт тауып, ерге шық,»деп ақылын айтады.


      Ерке бір бөлмелі арзан пәтер тауып,Ақсұлуды қуантайын деп,жұмыстан ертерек келген.Ақсұлу бір уыс боп егіліп жылап жатыр екен.Ерке оны бауырына басып,төсіне қысты.Ақсұлу өз қамқоршысына жас баладай тығыла түсіп: «Өткенім есіме түскенде ішім удай ашиды. Мендей күнәһарды құдай кешпейтін сияқты»,-деп көңілі сынып,ыза болып,мұңын шақты.Ерке пәтер жайлы ештеме айтпады.


      Ақсұлу бірінші жалақысын алып,қарт анасына жіберді.Екеуі ағалы-қарындастай күн кешті.Өміріне бағыт сілтеп, жөнге салған Еркенің үмітін ақтағысы келіп,барын салды.Тек тегеуірінді тағдырдың араздығы оған ырық бермеді.


       Бүгін құрылыс басында жиналыс болып,Ерке үйге күндегіден кеш оралды.Ас бөлмесінде сыра ішіп отырған Аршынды көріп


сасып қалды да:


-Қалай таптың? -деді.Телефонын үйде қалдырып кеткені есіне түсті.Өз сұрауына жауап алғандай болды. Ерке Аршынның қылмыс жасап қашып жүргенін естіген.Енді басына бөтен ойлар келе бастады.


    Аршын орнынан тұрып, амандаспаққа құшағын ашып қолын созып еді,Ерке оның қолын қағып жіберді де:


-Қайда ол?-деді.


Аршын басын кіжірейтіп:


-Жезөкшең бе? Сайқал,көрмейсің бе бет-аузымды тырнап тастағанын...-дей беріп еді, Ерке оның жағасынан алып, итеріп жіберді. Удай мас екен,шалқасынан құлады.Ерке жуынатын бөлме есігін бұзып кіргенде,Ақсұлудың өмір шамы сөнген екен.


 


 «Үркер» журналы, №5 (20) 2010


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу