21.04.2025
  32


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Мағынасыз әндер көбейіп барады

 


 


 


       Қазір я ұйқысы,я мағынасы жоқ әндер қаптап кетті.Әсіресе махаббат жайлы әндер. «Күйдім, сүйдім,бардым,келдімнен» ары аспайды.Сезім қылын шертер, қиялыңды қанаттандыратын,өзге әлемге жетелейтін,ойыңа ой қосар салмақты ән тыңдағанға не жетсін. Бізде ақын жоқ емес,композиторлар да жетерлік. «Бірлесіп пішкен тон келте болмас» деген.Жас әншілердің өлең мен ән жазуға үлкен жауапкершілікпен қарағаны жөн.Ең дұрысы, «құмырсқа жолыңды біл, Аяз би әліңді біл» демекші,әркім өз орнын білсе екен.


                                                                                   Жас Алаш.№67,20 тамыз 2009 ж.


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу