file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  21.04.2025
  42


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

                                                   Еншiмiздi алсақ та...

 Қазiргi таңда қазақ басшылары қатал ененiң қас-қабағына қараған тiлалғыш, не айтса да басын изей беретiн, “отырса – опақ, тұрса – сопақ” жуас келiнге ұқсайды. Ененiң кiм екенi айтпаса да белгiлi. Еншiсiн берсе де, алысқа жiбермей бақылауында ұстап, күнара келiп киiм-кешегiн ақтарып, қазан-табағына араласып, “мал тап­қыш ұлымды қолыма қайта аламын-ау, әзiрше тамақты бiр қазаннан iше берейiк” деп емексiген ененiң дәмесi де зор. Өкiнiштiсi, келiннiң бұған да келiсiм бере салатынында. Ұл тап десе ұл тауып, шөп шап десе шөп шауып, “күйеуiмнен ажыратып жiбермесе, тыныштық берсе болды” деп жүре беретiн можантопай, өз үнi жоқ келiннiң ендi өсiп қалған ұл-қыздары намыстана бастады.


       Кедендiк одаққа мүше болғалы қазақ даласындағы өзгерiстер Ресейдiң ықпалынсыз жүзеге аспайтын болды. №2 ел болдық деген осы шығар. Ресейде жанармай қымбаттаса да, азық-түлiгi көтерiлсе де, ақшасы құнсызданса да, заңдары өзгерсе де iзi суымай айна қатесiз бiзде қайталанады. Тiптi телевизиялық жобалардың көшiрмесiн жасаудан алдымызға жан салмай келемiз. “Один в одиндi” – “Жұлдызды дода”, “Минута славыды” – “Жұлдызды сәт” деп алдық және тағысын тағы. Құдая тоба, Ресейлiк бiр телеарнадан осыдан бiр ай бұрын насыбай мен темекiнiң зияны туралы хабарды көрiп ем, жақында сол бағдарламаның   көшiрмесiн өзiмiздiң бiр арнадан тамашаладым. Ұлттық мүдденi қорғауға келгенде, тым болмаса, түрiкмендер мен өзбектерден неге үлгi алмаймыз? Өз ерiктерi өздерiнде, өнiп-өсiп, керi кетпей көбейiп жатыр. Бастысы – арзаншылық.


       Қысқасы, жан-жағын билеп-төстеп ешкiмге ауыз аштырмайтын қақпас ене есiгiнде еңбек етiп, есесiн жiберетiн келiннiң ұл-қызының сөзiне құлақ асатын кезi келдi.


 


Жас Алаш №32 (15906) 24 сәуір, бейсенбі 2014


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу