
Автобустар жарысы қашан тоқтайды?
Осы кунде қоғамдық көлікке отырып,барар жерімізге жайбарақат барып келе алмайтын болдық.Елімізде алты миллион автокөлік бар екен.Осы үлкен санның бірнеше пайызын қоғамдық көліктер құрайды.Ал қоғамдық көлікті табыс көзіне айналдырғандар –қаны қызу ,жиырмадан жаңа асқан өрімдей жастар.Үлкен автобустардың күндік жоспары 22 мың теңге болса,шағын автобустардікі-8500 теңге екен. «Осыдан арттырып қалтаға бірдеңе бассақ» дейді жүргізушілер.Бірақ жүргізушілердің жол ережесін бұзыңкырап,бәсекелестіктің қызығына түсіп көлігінде отырған жолаушының жайын ұмытып кететіні өкінішті.Мұның бәрі жолсеріктердің де көбіне этиканы сақтамауы,қала мәдиниетіне бейімсіздігі,арнайы кондукторлық білімінің жоқтығынан.Автобустың табалдырығына аяғыңды басқаннан тез-тездеп желкеңнен ұстағандай сығылысқан көптің ішіне сүңгітіп жібереді де , түсеріңде жамбасыңа бір тепкендей шығарып жібере салады.Жылдамдықты асырған автобустар бірде жеңіл көлікке соқтығысса,бірде жаяу жүргіншіні қағып кетеді.Жұлқынып-сілкінген автобуста басқа бас соғып,сүрініп-қабынып жүргенің, әйтеур.Әсіресе, түс қайта автобустар оқалағы ұстаған танадай өзара жарысып шаба жөнелгенде бағдаршамға өзге көлікті соға-моға тоқтағанда,жаныңды шүбереккке түйіп отырасың.Жеңіл көліктер мен автобустардың бір-біріне жол бермеуі сияқты ерегістердің соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады. «Неге жай айдамайсыңдар?»-дегенге: «Уақыттан қалып барамыз...», «...жоспар орындау керек», «бәсекелестеріміз адамдарды жинап кетеді...»-деп өз мүдделерін көздейтін уәждерін айтады.
Қысқасы,қоғамдық көліктердің өзара бәсекелесі,жарыса жүйіткуі жолаушы жандардың жүйкесіне салмақ салып бітті.Алматының тар көшелері автобустардың жарыс жолына айналғандай.
Жас Алаш,№85,22 қазан 2009ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇